05 қаз, 2022 сағат 18:01

"Алматыда травмай жүрді, ешкімге кедергі келтірмеді" - Президент


Мемлекет басшысы Павлодарда трамвай жүйесін дамытуды жалғастыру қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Павлодар – трамвай жүретін сирек қаланың бірі. Алматыда травмай жүрді, ешкімге кедергі келтірмеді, бірақ оны қаладан алып тастау туралы шешім қабылдады. Ауқымды жұмыс жүргізілді, рельстер жойылды, енді Алматы трамвайсыз қалды. Трамвай қаланың символы болғанын атап өту керек. Меніңше, Павлодарда трамвайды сақтап қалу қажет", - деді Тоқаев.

Президент егер қажет болса, жолдарды жаңғыртып, жаңа, дыбыссыз, трамвайлар сатып алу керек болуы мүмкін екенін айтты.

"Бірақ травмай - өзінше тартымды көлік түрі. Еуропаның көптеген дамыған қалаларында трамвайлар кедергісіз жүреді. Бұл - көптеген жергілікті тұрғындар ұнататын экологиялық және ыңғайлы көлік. Трамвай жүйесін дамытуды жалғастырып, құрамдарды жаңартуды жеделдету керек", - Мемлекет басшысы.