
Алматы әкімдігі жұмыртқаға рұқсат етілген бөлшек саудадағы шекті бағаның мерзімін 90 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алматы қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының рұқсат етілген бөлшек саудадағы шекті бағаларын бекіту туралы» қаулы жобасы «Ашық» НҚА сайтында орналастырылған.
«Тауық жұмыртқасы» (I санат) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған рұқсат етілген бөлшек саудадағы шекті бағасы күнтізбе бойынша 90 күн мерзімге он талы 487 теңге мөлшерінде бекітілсін», - делінген құжатта.
Құжатта атап көрсетілгендей, жұмыртқаға рұқсат етілген шекті бағаны ұзарту туралы шешім «тауық жұмыртқасының» бекітілген шекті мәнінің (1-категория) 24% -ға асуына, сондай-ақ бағаны төмендету мен тұрақтандырудың оң тәжірибесіне байланысты, яғни жұмыртқа қымбаттап, бағаны 6 теңгеге түсіру кезінде - 491-ден 485 теңгеге (10 данасы) қабылданды.
Бағаны ұстап тұрудың бұл әдісі өзін ақтағанын атап өткен жөн. Мәселен, шекті бағаларды енгізу кезеңінде бағалардың төмендеуі байқалды: қарақұмық жармасы 5,1% (375-тен 356 теңге / кг-ға дейін) және шақпақ қант 2% -ға (256 теңгеден 252 теңге дейін - кг,) - делінген түсініктемеде.
Айта кетсек, сәуірдің басында осы баға 30 күн мерзімге бекітілген болатын.
