21 сәу, 2025 сағат 12:13

Алматыда үш қаржы пирамидасының қызметі тоқтады

Фото: ашық дереккөз

«Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржылық пирамидаларының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Ult.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Warner Bros» пирамидасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, қаражат салып, пирамидаға адам қосқаны үшін сыйақы алып отырған.

Тергеу барысында криптовалюталық әмияндар анықталып, 3,8 млн USDT көлеміндегі активке тыйым салынды.