29 сәу, 2021 сағат 16:59

Алматыда заңсыз салынған ірі көлік жуу нысаны сүрілді


Алматыда заңсыз салынған ірі көлік жуу нысаны сүрілді. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сот шешімімен №1 шағынауданы 95А, мекенжайында орналасқан көлік жуу орны бұзылды. 

«Жоспардан тыс тексеру кезінде №1 шағынауданы 95А, мекенжайында 22х9 және 4х5 метр жер учаскесінде рұқсатсыз құрылыс жүргізілгені анықталды. Біз бірден сотқа ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша (Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу) бойынша талап-арыз бердік. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша талап арыздар толығымен қанағаттандырылды», - деп хабарлады басқармадан. 

Алматы қалалық Әділет департаментінің қызметкерлері сот шешімін орындай отырып, нысанды бұзды.