22 сәу, 2021 сағат 16:30

Алматыда жаңа бағытта троллейбус жолға шығады

Алматыда 26 сәуірден бастап жаңа бағытта №6 троллейбус жолға шығады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«АлматыЭлектроТранс» компаниясының мәліметіше, жаңа бағыт мына жолмен қатынайды: Алматы-2 теміржол вокзалы - Абылай-хан - Абай даңғылы – С.Сейфуллин даңғылы – Қ. Сәтпаев - Щепетков - Шаляпин – Б.Момышұлы көшесі – «Ақсай-3». 

Қарама-қарсы бағытта: «Ақсай-3» - Төле би көшесі - Саин – О.Жандосов – Қ.Сәтпаев -С. Сейфуллин - Абай даңғылы - Абылай хан - Алматы-2 теміржол вокзалы.

Жаңа бағыт бойынша жұмыс күндері - 12 , демалыс күндері 8 троллейбус қатынайды.