27 мам, 2021 сағат 15:15

Алматыда жаңа сот құрылды


Алматыда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (МАӘС) құрылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осыған дейінгі (МАӘС) енді «әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты» деп аталады. Ол Қарасай батыр көшесі, 85 мекенжайында орналасады. Айта кетейік, ол ғимаратта үш қылмыстық сот отырады», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» ықшамауданы, 347/1 мекенжайына көшті.

Бұған дейін, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің аясында елімізде 21 әкімшілік сот құрылатыны туралы жазған болатынбыз.