27 қаң, 2023 сағат 12:11

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты - видео

Фото: zakon.kz

Алматыдағы Сайын даңғылында адам өліміне әкелген жол апаты болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Көлік жол жиегіндегі электр желісінің тірегіне соғылып, екіге бөлінген. Ішінде отырған үш адам оқиға орнында көз жұмған.

"26 қаңтарда сағат 23:30-да Алматы қаласының Әуезов ауданында Honda маркалы автокөліктің жүргізушісі – 2003 жылы туған Р. Сайын көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай, кедергіге - бағанға соғылған. Осы ЖКО салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы – 2003 жылы туған И. және 2004 жылы туған Н. қаза болды", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сараптамалар тағайындалды.