25 мау, 2022 сағат 01:25

Алматыда жауынның салдарынан Mega сауда орталығы бір күнге жабылды


Алматыда бүгінгі нөсер жауынның салдарынан Mega сауда орталығының төбесінен су кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда орталығының төбесінен аққан судың видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Осыған байланысты сауда орталығының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. 

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін MEGA Alma-Ata сауда орталығы жабылды. Қауіпсіздік іс-шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сауда орталығының шатырындағы зақымдарды тез арада түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғимарат шатырының ауданы 58 500 шаршы метрді құрайтынын еске саламыз. MEGA Alma-Ata сауда орталығы ертең, 25 маусымда әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қайта ашылады», - делінеді хабарлмада. 

Еске салайық, бүгін Алматыда түстен кейін күн күркіреп, нөсер жауын жауды. Толассыз жауған жауын суы көшелердегі арықтарды толтырып, көшелерді су басты.