07 сәу, 2021 сағат 13:00

Алматыда желдің соғу режимі зерттеледі

Алматыда жел режимінің моделі жасалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Желдің соғу режиміне зерттеулер жүргізу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алматы қаласында желдің моделін, желдің өтуін, ластану деңгейін, ластану себептерін әзірлеуге сәйкес бюджеттік өтінім жасалды», - деді қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов. 

Ол бюджеттік бағдарлама осы жылдың соңына дейін бекітілетінін атап өтті. 

Оның айтуынша, алынған мәліметтер Алматы аумағын дамытуға пайдаланылады.