15 сәу, 2021 сағат 07:49

Алматыда жол талғамайтын көлік аударылды

Алматыда «Mersedes-benz G-500» көлігі аударылып қалды. Жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Апаттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы өткен түнде Байзақов көшесінде болды. 

«Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізуші Мақатаев көшесімен батыс бағытта келе жатып Байзақов көшесінің қиылысында оңтүстік бағытта келе жатқан көлікке жол бермей «Mercedes-benz G-500» көлігімен соқтығысқан. Аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тексеріліп жатыр», - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

Апат салдарынан жол талғамайтын көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатымен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.