21 сәу, 2021 сағат 08:27

Алматыда жол жөндеу жұмысы уақытша тоқтатылды

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жөндеу жұмысы уақытша тоқтатылды.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 сәуірде жолдарды жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылды», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасынан. 

Айта кетейік, сәуір айының басынан бастап қала көшелерінде жөндеу басталды. Осы уақытқа дейін жолдағы 4 мыңға жуық ойық-шұңқыр бітелді.

Күнделікті жөндеу жұмысына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника жұмылдырылады. Алматының 256 көшесіне жөндеу жоспарланған. 

Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3 096,8 шақырым, көше саны - 2 746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көше саны - 385, олардың ұзындығы 1 150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көше саны - 2361, олардың ұзындығы 1 946,8 шақырым.