15 сәу, 2021 сағат 11:34

Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдындағы автотұрақ алынып тасталады

Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдындағы автотұрақ алынып тасталады. Бұл туралы «Алматыны дамыту – 2021: көріктендіру және көгалдандыру жобалары» онлайн-таныстырылымы барысында айттылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматыға «Жасыл қала» мәртебесін қайтару үшін біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Сол себепті, ҚР Тұңғыш Президенті саябағының алдындағы автотұрақты алып тастау туралы шешім қабылданды. Ол жерде жасыл аллея пайда болады. Жарық тартылып, орындықтар қойылады» - деді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжанов.