09 ақп, 2021 сағат 07:42

Алматыдан 50 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Алматы уақытымен 07:07-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.6.

MPV магнитудасы – 3.8. 

Эпицентрдің координаттары – 42.93° с. е. 77.40° ш. ұ. 

Тереңдігі – 15 км. 

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.