29 шіл, 2021 сағат 17:11

Алматыға тамыздың ортасында коронавирустың төртінші толқыны келеді - Бекшин


Алматыда тәулік ішінде коронавирус жұқтырған мыңнан астам адам тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполиске қатысты эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы туралы айтты. 

COVID-19 дертінің кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасында, қыркүйектің басында күтілуде. 

Бекшиннің айтуынша, вакцина індеттің күрделі кезеңінен өтуге көмектеседі. Сондай-ақ Алматыда ағзаны індеттен қорғайтын толық вакцина желісі бар. 

«Соңғы аптада коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал ушығып отыр. Өткен аптаны алдыңғымен салыстырғанда КВИ жағдайының тіркелуі 1,4 есеге – 5 790-нан 8 393 жағдайға дейін өсті, тәуліктік өсім - 1,5%. 23 шілдеден бастап КВИ-дің күнделікті тіркеуі 1 мыңнан асты және қазірдің өзінде 1 450-ді құрайды. Осы айда Алматыда 20 818 науқас анықталды, ал жыл басынан бері 76 603 науқас тіркелді», – деді мегаполистің бас санитар дәрігері. 

Оның айтуынша, шілдедегі эпидемиологиялық жағдайдың нақты болжамы - 27,5 мың, ал іс жүзінде 2 мың жағдайды құрайды. 

«Алматыда COVID-19 кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасында басталып, қыркүйектің басында төмендейді деп күтіліп отыр. Тамыз айында - 34,5 мың жағдай, қыркүйекте - 4,5 мың жағдай болады деп болжанған. 7 күн ішінде симптомды науқастардың үлесінің артуы 89,4-тен 90,7%-ға дейін жалғасты, бұл СOVID-19 дельта нұсқасының тез таралғанын көрсетеді», – деді Бекшин.