25 нау, 2021 сағат 08:18

Алматылық тұрғындар өзенге кәріз суы құйылып жатқанына шағымданды

Алматылықтар Жарбұлақ өзеніне кәріз суы құйылып жатқанына шағымданды. Бұл жағдайға қатысты әкімдік тексеру жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Су арнасының ластануына алаңдаған тұрғындар әлеуметтік желіге бірнеше күн бұрын видео жариялап, тиісті мекемелерден көмек сұраған еді 

«Кәріз суының қалдықтары Жарбұлақ өзеніне төгіледі. Әкімдік қызметкерлері келіп «бұл кәріз суы емес»,- дейді. Олай болса, бұл не су? Далада ауа температурасы нөлден төмен», - деп ашуланды Алматы тұрғыны. 

Медеу ауданының әкімдігі экология бөлімі қызметкерлері мен аудандық табиғатты қорғау полициясы жоғарыда аталған Шухова көшесі № 3 мекенжайға барды деп жауап берді. 

«Зерттеу нәтижелері бойынша, бірінші су өткізбейтін қабатта орналасқан жерасты суларының ағып жатқандығы анықталды», - деп түсіндірді әкімдіктен.