07 қаң, 2021 сағат 10:35

Алматылықтар көбіне қай жерде КВИ жұқтырады?

Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қауіпті орындарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, соңғы 14 күнде 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында жұқтыру көрсеткіші - 35%, 40-59 жас аралығындағы адамдардың үлес салмағы 33% жеткен. 

Бұл шектеу шараларының бұзылуына және корпоративтік кештерді өткізу, сауда объектілеріне баруға байланысты болып отыр.

«КВИ жұқтыру орындарының құрылымында қоғамдық орындарда (сауда және қоғамдық тамақтану объектілері, базарлар) жұқтыру қаупі жоғары. Осы жерлерде жұқтырғандардың үлесі 44%. Қалған 28 % отбасыларда жұқтырған. Соңғы аптада 2020 жылғы 25 желтоқсаннан басталған карантиндік стационарларда КВИ-дің жеңіл және симптомсыз түрлерімен ауыратын науқастарды оқшаулау нәтижесінде отбасындағы байланыстар бойынша ауырғандардың үлес салмағы 7,1% - ға төмендеді. Осыған байланысты азаматтардан осы мәжбүрлі шараға түсіністікпен қарауды және вирустың таралуы тоқтағанға дейін оқшауланудан бас тартпауды сұраймыз», - деді Бекшин.

Департамент басшысы жұқтыруды төмендету үшін вирустың таралуын тоқтату үшін үй - жайларда да, ашық ауада да адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұрады. 

«КВИ науқастарымен және жұмыс орны бойынша байланыста болған адамдар үйде қалып, тегін негізде тексеруден өту үшін телефон арқылы өздерінің емханасына хабарласуы керек. Алматы қаласының азаматтары мен қонақтарына ЖРВИ белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйіне шақыртуды, зейнеткерлерге аса қатты қажет болмаған жағдайларда үйлерінен шықпауды ұсынамын», - деді ол.