13 сәу, 2021 сағат 15:51

Алматылықтар тротуарда шашылып жатқан қолданылған шприцке алаңдаушылық білдірді

Қала тұрғындары тротуарда шашылып жатқан қолданылған шприцтерді видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды "Ұлта қпарат".

Тұрғындар видеоны әлеуметтік желіде жариялады. 

Түрксіб ауданының әкімдігі наразылық тудырған жазбаға қатысты түсінік берді.

«Қазіргі уақытта аумақты коммуналдық қызмет тазартып қойды. Аталған мекенжай бақылауда. Көшені тазарту жұмыстары коммуналдық қызметтің мойнында.Серіктестік күнделікті тұрмыстық қалдықтарды анықтау үшін көшелерді тексереді, содан кейін санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізеді», - деп жауап берді аудан әкімдігі.