08 сәу, 2021 сағат 09:12

Алматының бір ауданы жарықсыз қалды

Медеу ауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Алматылықтар Медеу ауданында орналасқан бірқатар үй, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы мен басқа да кеңсе ғимараттарынада жарықтың сөніп қалғанын жазуда. 

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қосалқы станцияның бірінде апат болғанын хабарлады.

«Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Абоненттердің бір бөлігіне жарық берілді. Сағат 12-ге дейін жағдай толық қалпына келеді», - деді басқармадан.