21 ақп, 2023 сағат 16:58

«AMANAT» Қызылорда: Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 30 пайыз ұлғайту жоспарланып отыр


«AMANAT» партиясы өңірде өнеркәсіпті дамыту және кәсіпкерлікке қолдау көрсету арқылы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 30%-ға, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 130 мың адамға, негізгі капиталға инвестиция көлемін 2 есе арттыруды көздеп отыр.

Бүгін «Аманат» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер - Т.Құлмағанбетов, Б.Мақашов, А.Рахметов, Б.Искаков, А.Мампаев ТОО «Құрылыс» мекемесінде болып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.


Кездесуде сөз алған үміткер Талғат Құлмағанбетов партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған еңбек адамдарын дәріптеу Әділетті Қазақстанның ең басты ұстанымы екенін атап өтті. 

«Ел дамуы жолында - құрылыс саласы мамандарының алар орны ерекше. Сіздер жас ұрпаққа адал еңбек етудің қас үлгісін көрсетіп келесіздер. Халық тарапынан айтылатын ұсыныс-пікірлер әрдайым ескеріледі. «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламада айтылған әрбір тұрғынның мақсат мүддесі жоғары деңгейде орындаларына толық сенемін. Сіздерді ұрпақ болашағы, ұлт келешегі жолында дұрыс таңдау жасауға шақырамын», – деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айдос Рахметов.


Бақдәулет Мақашов айтуынша, «АМАNAT» партиясы аймақтың қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, 2027 жылға қарай Қызылорда облысын әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті, экономикасы қарқынды дамыған, тұрғынға жайлы аймақ ретінде дамыту үшін кешенді сайлауалды бағдараламасын дайындап, сонда негізгі ірі 5 бағытты алдына мақсат етіп отыр. Оның ішінде азаматтардың әлеуметтік мәселелерінен бастап, экологияға дейін қамтылған. Үміткер бұл жұмыстар халықтың қолдауымен жүзеге асатындығын атап өтті.


Сонымен қатар кандидаттар - Бақдәулет Ысқақов, А.Мампаев сайлаудың ашық әрі әділетті өткізілетініне сенім білдіріп, саяси науқанға белсенді қатысып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды. 

Тапсырыс беруші: Л.Б. Төрешова

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы cайлау қорының қаражатынан төленді