Фото: ашық дереккөз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жылдың алғашқы үш айының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
🔹 Бюджет қаржысын қорғау:
Агенттік 21,2 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол бермей, 6,4 млрд теңгені бюджетке қайтарды. Ұлытау, Алматы және Жамбыл облыстарындағы ірі қаржылық бұзушылықтар тоқтатылды. Мысалы, Жезқазған қаласында жолдарға бөлінген 1,2 млрд теңге шығынның 350 млн-ы үнемделсе, Қонаевта 1,2 млрд теңгеге бағаланған жер учаскелерінің құны түзетілді.
🔹 Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау:
3 мыңға жуық кәсіпкердің мәселелері шешіліп, Жетісу облысында су тарифтерінің қайта қаралуы арқасында 23 млн теңге үнемделді.
🔹 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
67 талдау жүргізіліп, 500-ден астам ұсыныс жасалды. Туризм саласындағы қаржыландырудың ашық еместігі мен ұлттық парктерді тиімсіз басқару сияқты жүйелі мәселелер анықталды.
🔹 Қоғамдық шаралар:
450 мың адамды қамтыған 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясына 390 мың оқушы мен студент қатысып, адалдық қағидаттары насихатталды.
🔹 Қылмыстық істер:
770 іс қозғалып, оның 300-ге жуығы аяқталды. Қылмыстық істер бойынша мемлекетке 15 млрд теңге қайтарылды.
Агенттік басшысы Асхат Жұмағали жемқорлық тәуекелдерін жою, қоғамдағы заңдылықты күшейту және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмысты жалғастыруға тапсырма берді.