03 ақп, 2023 сағат 19:55

Антикор Махамбет Әбжанның кәсіпкерден ақша алған сәтінің видеосын жариялады

Фото: exk.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі журналист Махамбет Әбжанның кәсіпкерден ақша алып жатқан сәтінің видеосын және оған дейінгі телефон арқылы әңгіменің аудиосын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, Махамбет Әбжан бүгін, 3 ақпанда 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астананың Сарыарқа аудандық №2 Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Әбжан көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды. Ал журналистің өзі тағылған айыпты мойындамады.

Еске салайық, 2022 жылдың 3 шілдесінде Антикор журналист әрі блогер Махамбет Әбжан "кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады" деген күдікпен қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Бұған дейін Әбжан екі рет сотталған. Сонымен қатар алаяқтық бойынша соттылық әлі жойылмаған.