Фото: newauto.kz
Астанада Toyota Land Cruiser сатып алмақ болған тұрғын 20 миллион теңгесінен айырылды. Полиция мәліметінше, 39 жастағы ер адам ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, көлікті сатып аламын деп уәде беріп, ақшаны заңсыз иемденген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция азаматтарға сақ болуды, автокөлік сатып алу-сату кезінде күмәнді ұсыныстардан аулақ болуды және ірі мәмілелерді тек ресми жолмен жасау қажеттігін ескертеді. Егер сіз немесе жақындарыңыз алаяқтық құрбаны болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.
