Фото: ашық дереккөз
Азаматтардан “Ғасыр” оқу орталығының алаяқтық әрекеттеріне байланысты полицияға ұжымдық шағым түсті, деп хабарлайды Ult.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, азаматтар шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарына жазылып, келісімшартқа қол қойып, толықтай төлем жасаған. Алайда көрсетілуі тиіс білім беру қызметтері ұсынылмаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Астана қалалық ПД басшылығының бақылауында.