09 ақп, 2023 сағат 15:53

Астанада техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп жатыр


видео кадры

Астанада техникалық қызмет көрсету орталығының бір қабатты ғимараты өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елордалық ТЖД мәліметінше, 9 ақпанда сағат 13:57-де өрт сөндірушілер өртті сөндіру үшін Айнакөл көшесі, 149 мекен-жайына барған.

"Өрт сөндірушілер келгеннен соң, бес минуттан кейін шамамен 200 шаршы метр аумақта жеке үйге жапсарлас салынған бір қабатты ТҚК орталығының ғимараты жанып жатқаны анықтады", - деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметі.