10 мау, 2023 сағат 14:18

Астанада үш жасар бүлдіршін 9-қабаттан құлап кетті

әлеуметтік желіден алынған сурет

Астанада 3 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусымда болған.

"102" арнасына Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласында 9-қабаттан бала құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Үш жасар қыз алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Сараптама тағайындалды", - деді ПД өкілдері.