27 сәу, 2026 сағат 12:19

Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды

Фото: ашық дереккөз

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев шотокан каратэден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, Стамбулда өткен бұл сайыста спортшы WSF санаты бойынша 45-54 жас аралығындағы жекпе-жекке шығып, жеңіліс таппады. Марат Мұрзиев турнирдегі бірінші жекпе-жегінде англиялық Майк Линчпен кездесіп, жеңіске жетті. Жартылай финалда Кот-д’Ивуар каратэшісімен кездесіп, оны да жеңді. Финалды да Мұрзиев жеңіспен аяқтап, алтын медаль иегері атанды.

Чемпионаттың өзіне Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан және Африка елдерінің каратэшісілері келіп қатысты. Бұған дейін Марат Мұрзиев аудандарды басқарған.