28 ақп, 2023 сағат 15:14

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қайтыс болды

© Photo: Telegram/@Polisia.kz

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

28 ақпан сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында, Мақат - Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілген.