27 мау, 2022 сағат 09:11

Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтаны сілтеме жасап. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 маусымда сағат шамамен 16:00-де болған.

"Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан Hyundai Tucson​ көлігін​ің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Жол апатына жолда жүру ережесін сақтамау себеп болғаны хабарланды. Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.