Атырау облысында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның алғашқы күні Ресейден әкелінген көлік құжаты 3 көлікке тиесілі екені анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Полиция департаменті мәліметіне сілтеме жасап.
Ақтау-Атырау тасжолында патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдықты асырғаны үшін Toyota Ipsum Ресей автокөлігін тоқтатып әкімшілік хаттама толтырған. Автокөлік құжаттарын тексерген кезде автокөліктің тіркеу белгісімен маркасы сәйкес келмейтіні анықталған.
"Яғни, мемлекеттік белгі Nissan Fuga және "Маз" автокөліктеріне тіркелгені анықталды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қоғалды", - деді, Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Берік Амангелді.
