16 мау, 2022 сағат 11:30

Атыраудағы оқиға: перинаталдық орталық басшысы қызметінен кетті

© Photo : Pexels

Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарған Қазбек Ермағамбетов өз еркімен қызметінен кетті.

Жұмыстан кетуіне осы медициналық мекеме қабырғасында жаңа туған нәрестенің еденге құлап, жарақат алған оқиға себеп болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

"Ол басшылық қызметтен кетуге өтініш жазды, бірақ перзентханада жұмыс істеуін жалғастырады", – деді облыстық денсаулық сақтау басшысының орынбасары Жанар Садуова.

Ведомство мәліметінше, денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған жұмыс комиссиясының тергеу нәтижелері бойынша дәрігерлер мен кезекші медицина қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шара қабылданды.

Еске салсақ, сәби 8 маусым күні дүниеге келді. Келесі күн жаңа туған нәрестенің анасы рентгеннен өтуге жіберілді. Палатада сәбилерге қарау үшін жаңа босанған әйел қалды.

Бала қатты жылай бастағанда, әйел оны қолына алып, тыныштандыруға тырысты, бірақ өзін нашар сезіне бастады.

Ол медбикелер мен дәрігерлерді көмекке шақырғанымен, ешкім келмеді. Әйел баланы қолында ұстай алмай, оны еденге құлатып алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың жансақтау бөліміне жіберілгенін, тексерістен өткізіліп, УДЗ мен КТ жасалғанын хабарлады.

"Бала мен ана әлі күнге дейін орталықта, бірақ енді реанимацияда емес, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде жатыр. Сәбидің гипоксиялық ишемиялық зақымдануы, құлаумен емес, жүктілік және босану үдерісімен байланысты", – деп атап өтті Жанар Садуова