02 сәу, 2021 сағат 10:04

Атырауда жабық әлеуметтік мекеме студенттері мен қызметкерлері вакцина алады

Атырауға 3600 доза екпе жеткізілді. Жаңадан келген вакцина жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спутник V вакцинасының 3600 дозасы Ақтөбе фармацевтикалық хабынан 2 сәуір күні таңертең жеткізілді. 

Оны Атырау облысындағы 22 егу пунктіне бөлу жоспарлануда. 

Вакциналардың жаңа партиясы жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған. 

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған азаматтардың сегіз басым санаты бойынша халықты да вакцинациялау жалғасады

Айта кетейік, бүгінгі таңда Спутник V екпесінің бірінші компонентімен өңірдің 3600 тұрғыны, екінші компонентімен 1556 адам егілді. 

- Соңғы тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 311 адам алды. Оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші, 60 медицина қызметкері және 243 педагог бар, - деп нақтылады Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.