29 жел, 2021 сағат 18:15

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды


Қазгидромет 30 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының орталығында тұман сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жетеді. 

Түркістан облысының батысында,таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 18 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады