19 қар, 2021 сағат 16:52

Ауыл тұрғыны жаралы аққуды құтқарды - Павлодар облысы


Бүгін Павлодар ауданы, Черноярка ауылының маңынан табылған сыбырлақ аққу облыс орталығына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы өзінің Instagram парақшасында жазды. 

- Павлодар қаласының тұрғыны Черноярка ауылының маңында жас сыбырлақ аққуды тауып алған. Ол бұталардың арасында тығылып қалған екен. Кейінірек Талғат есімді павлодарлық аққуды орманшыларға жеткізді. Киелі құсқа деген қамқорлығы үшін жерлесімізге алғыс білдіреміз, - делінген баспасөз хабарламасында.

Өз кезегінде орманшылар құсты «Жан» ветеринарлық клиникасына жеткізді. Сыбырлақ аққуды жіті тексерген мамандар оның тұмсығының жарақаттанғанын анықтаған.