08 сәу, 2025 сағат 11:06

Банк қызметкерлері Киану Ривзге көмектескісі келген қазақстандықтың ақшасын сақтап қалды

Иллюстрация: Polisia.kz

Полиция мен банк қызметкерлері 62 жастағы әйелді алаяқтардың құрбаны болудан сақтап қалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Әйел алты ай бойы өзін Голливуд актері Киану Ривз деп таныстырған TikTok қолданушысымен хат алмасқан. Бейтаныс адам өзіне қиын жағдайға тап болғанын айтып, 400 АҚШ долларын жіберуді өтінген. Ақшаны аударуды білмеген тұрғын банкке жүгінеді.

Банк қызметкерлері әйелдің белгісіз ойын компаниясына тиесілі шотқа ақша аударғысы келгенін байқап, полицияға хабарлады. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әйелді уақытында ақша жібермеуге көндірді. Әңгіме барысында бұл әйелдің алаяқтарға ақша аударуға жасаған екінші әрекеті екені анықталды.