29 шіл, 2021 сағат 19:50

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды


Қазақстанның бас санитар дәрігердің жаңа қаулы жариялады. Толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Ерекше қаулыға бірқатар өзгерту енгізілген. Бизнес, қарапайым халық пен шенеуніктерге арналған ережелер 35 бетті қамтиды.

2 тамыздан бастап енгізілетін шектеулер

  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында: орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтатылсын;
  • ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
  • мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталсын;
  •  "Ashyq" жобасынан тыс:
  • құрылыс жұмыстарын жүргізуге;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;
  • жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт  жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;
  • туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.);
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етілсін;