16 там, 2022 сағат 18:35

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жаңа басшы тағайындалды


Марат Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Серік Жұманғарин осы қызметтен босатылып, Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалған болатын.