
Батыс Қазақстан облысында 10 тоннадай жүк тиелген автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 13 сәуір күні Ақжайық ауданы Ілбішін ауылы маңында болды.
Сағат 12.50-де Орал-Атырау жолының 175-шақырымында Mercedes Benz жүк көлігінің жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. Шамамен 10 тоннадай құрылыс материалдары (тұсқағаздар) тиелген көлік Украинадан Тәжікстанға бет алған. Көлік Өзбекстанның «Sergorus» қоғамдық бірлестік ұйымына тиесілі. Жүктің иесі анықталып жатыр.
№10 өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерлерінің күшімен (4 адам, 1 техника) сағат 15.04-те өрт оқшауланып, 15.52-де толық сөндірілді.


