13 сәу, 2021 сағат 12:15

Батыс Қазақстанда бір күнде 3 мыңнан астам адам індетке қарсы егілді

Батыс Қазақстан облысында кеше 3025 адам коронавирусқа қарсы егілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қала емханалары мен жеке клиникаларда, сондай-ақ аудандық ауруханалардағы егу кабинеттерінің саны 47-ге жеткізілді.

Күні бүгінге дейін өңірде вакцинаның бірінші компонентімен 17215 адам егіліп үлгерсе, соның 4871-і – медицина қызметкерлері, 3377-сі – педагогтар, 1487-сі – құқық қорғау органдарының, 7480-і – басқа сала өкілдері.

Сонымен қатар 4067 адам екінші компонентпен егілді. 

9 сәуір күні түскен 14 мың дозадан (І компонент) 7065 адам (50,4 пайыз) екпе салдырды. 

Вакцинация кестеге сәйкес одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 14 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы егілгенін, 560-қа жуық адамның инфекциялық ауруханада жатқанын жазған болатынбыз.