
Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік мұздың астына түсіп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылы маңында болған.
Бүгін сағат 11.06-да Көшім каналына Mitsubishi Pajero автокөлігінің мұздың астына түсіп кеткені жөнінде хабар жеткен.



Негізі автокөлік түнде батқан, абырой болғанда, балықшылар шығып үлгерген.
Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жасап жатқан кезде сағат 13.48-де УАЗ Патриот автокөлігінің мұз астына түсіп кеткені жөнінде хабар келген.



Құтқарушылар автокөліктен екі адамды алып шықты. Бұлар да балықшылар болып шықты.
Екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ.
БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға мұз үстіне шыққан кезде, әсіресе, қазіргідей көктемгі уақытта аса сақ болып, қауіпсіздік шараларын бұлжытпай сақтау керектігін еске салады.
