
Батыс Қазақстан облысында облыстық маңызы бар 10 жол жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 19 наурыз күні жергілікті сағат 22.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (0-159 км), Жымпиты-Қаратөбе (0-103 км), Приурал-Ақсай (0-35 км), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Орал-Кирсанов (1-83 км), Барбастау-Ақжайық-Нидербор (0-108 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км), Аңқаты-Сарыөмір (0-64 км), Федоров-Ақсай (0-82 км), Ақсай-Шыңғырлау (15-86 км) жолдарында барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.
Жабылу себебі – қатты бұрқасын, жолдың көрінуі нашар.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынғанын хабарлады.
