09 нау, 2023 сағат 09:53

Bereke Bank АҚШ-тың санкциялар тізімінен шығарылды

Фото: inbusiness.kz

АҚШ қазақстандық Bereke Bank-ті (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) санкциялар тізімінен алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты АҚШ Қаржы министрлігі сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігі Bereke Bank-ті Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) SDN санкциялар тізімінен алып тастады.

OFAC арнайы тұлғалардың қара тізімін (SDN) жариялайды, онда АҚШ азаматтары мен тұрғылықты тұрғындарына бизнес жүргізуге тыйым салынған адамдардың, ұйымдардың және кемелердің тізімі көрсетіледі.

Еске салайық, бұған дейін Bereke Bank наурызда АҚШ билігінің санкциялардан алып тастау шешімін күтіп отырғанын хабарлаған.