23 шіл, 2025 сағат 15:32

Бейнеуде 55 ерекше балаға қатысты құқық бұзушылық анықталып, қалпына келтірілді

Фото: ашық дереккөз

Бейнеу аудандық прокуратурасы «Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» қызметін талдау барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алу құқығы шектелген бірқатар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

2023–2024 оқу жылында көру қабілеті төмен 12 балаға тиісті тифлопедагог көмегі көрсетілмеген. Мәселен, бір балаға мамандардың (дефектолог, логопед, психолог, массажист және емдік дене шынықтыру нұсқаушысы) көмегі ұсынылғанымен, нақты көмек көрсетілмей, жеке даму бағдарламасы, сабақ кестесі де дайындалмаған.

Жалпы есеп бойынша, 55 мүгедектігі бар баланың құқығы бұзылған.

Прокурорлық акт негізінде:

  • Түзету кабинеті директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

  • Орынбасарына тәртіптік жаза қолданылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде барлық балалардың құқықтары қалпына келтірілді.