
Кем дегенде бір млн алматылыққа коронавирусқа қарсы вакцина егу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінде Алматыда 2 млн астам тұрғын бар. Қаланың кем дегенде бір млн тұрғынына вакцина егу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде жаппай вакцинацияға дайындалу үшін егу пунктерінің қажетті саны есептелді. Вакцинациялау нүктелерінің тұрақты өсуі байқалады. Ақпан айының басында бізде 35 егу пункті болған. Бүгінгі күні оның саны 182 жетті «, - деді Нариман Табынбаев ОКҚ брифингінде.
