28 мау, 2019 сағат 14:26

Біртанов Арыста зардап шеккен балалардың жағдайымен танысты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық балалар ауруханасына өзі барып санитарлық авиациямен жеткізілген екі кішкентай науқастың жағдайымен танысты, – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«№2 қалалық балалар ауруханасында балалардың еміне қажетті барлық жағдай жасалған. Білікті мамандарды шақырдық, мұнда медициналық аппараттар мен дәрі-дәрмек те жеткілікті. Балалардың жағдайы менің  жеке бақылауымда болады», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

2005 және 2011 жылдары туған екі кішкентай науқас  Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер екі науқастың да бас миы мен көкірегін КТ өткізіп, біреуіне операция жасады. Отадан шыққан кішкентай пациенттің жағдайы өте ауыр. Екіншісінің жағдайы - тұрақты ауыр. Денсаулық сақтау министрі аурухана басшысына  науқастардың денсаулығына қатысты қандайда бір өзгеріс болса дереу  мәлімет беріп отыруды тапсырды.