30 шіл, 2025 сағат 14:11

Сот Бишімбаевтың бауырына жаза мерзімін қысқартты


Фото: Бақытжан Байжанов / Жоғарғы сот

Сот азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы өтініш бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.

Степногорск қалалық соты ҚАЖ мекемесінің "ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы"заңды қолдана отырып, сотталған Байжановқа жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы ұсынысын қарады.

Сот шешімі бойынша Байжановтың жазасын өтеу мерзімі үштен бір бөлікке қысқарады. Оның жаза өтеу мерзімі сегіз ай сегіз күнді құрайды.Сотталушы 2026 жылғы қарашада босатылады.

Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылғы 18 шілдеде аяқталуға тиіс болған.

"Жазасын өтеу барысында жағымды мінездеме берілген. Сот үкімі бойынша талап-арыз толық өтелген. Ұстау жағдайында мінез-құлқы бірінші оң деңгейде бағаланған, екі рет көтермелеуге ие болған", делінген хабарламада.


Прокурор да бұл пікірмен келісе отырып, өтінішті қанағаттандыруды сұраған.