20 сәу, 2021 сағат 11:57

БҚО-да ауылдасы пышақтаған тұрғын мерт болды

Батыс Қазақстан облысында ауылдасы пышақтаған тұрғын мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 сәуір күні Ақжайық ауданы Бударин ауылында болды.

 

Сағат 02.30 шамасында Қазақстан көшесінде орналасқан үй маңында бірге арақ ішу барысында екі тұрғын бір-бірімен сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. 1982 жылғы ер адам 1977 жылғы ауылдасының жүрек тұсына пышақ сұққан.

Соның салдарынан жәбірленуші ауруханада көз жұмды.

Марқұмның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Күдікті қолға түсіп, Ақжайық аудандық полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.