
Оралда қардың қатты еруіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, атап айтқанда, 4 сәуір күні «Сарытау» шағынауданында Күлтегін мен А.Шайхиев көшелерінің қиылысында қар суы жиналды.
Соның салдарынан үш үйге су кіру қаупі туындады. Суды арық жүйесімен айдау үшін оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жетті.
Сонымен қатар Орал қаласы ТЖ басқармасы шаһардың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесе отырып, төтенше жағдайдың алдын алу үшін қатқыл табанды жолды кесіп, тұрба салу жұмысын атқарды.
Қазіргі кезде аталған учаскеде су басу қаупі жойылды.
ТЖ департаментінің мәліметіне қарағанда, басқа жерлерде жағдай қалыпты.
Өңірде осы кезге дейін қала мен елді мекендерден 985087 текше метр қар шығарылып, 111419 текше метр су сорылды.
