17 ақп, 2021 сағат 13:33

Brent маркалы мұнай бағасы 64 доллардан асты

Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерс бағасы ICE Лондон биржасында барреліне 64,02 долларға дейін қымбаттады, бұл 2020 жылдың қаңтарынан бері тіркелген ең жоғары баға, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Лондонның ICE биржасында 2021 жылдың сәуірінде Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны жеткізумен қоса 1,12%-ға – барреліне 64,06 долларға қымбаттады.

WTI маркалы мұнайдың бағасы бүгінгі сауда-саттықта барреліне 60,06 долларға дейін көтерілді.

Bloomberg агенттігінің трейдерлер мен мұнай шығаратын өнеркәсіп өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, бағаның өсуіне АҚШ-та қатты аяз салдарынан өндіру көлемі төмендегені себеп болған. Олардың мәліметінше, Құрама Штаттарда мұнай өндіру тәулігіне 3,5 млн баррельге азайған. Бұл жалпы көлемнің үштен бір бөлігі.