07 там, 2016 сағат 12:48

Будда дінін дүниеге әкелген қазақ руы

Өткендегі «Дәстүрлі дін дегеніміз не?» деген мақаламда бүкіл әлемге кең тараған ең  ұлы діндердің бәрі де Қазақ даласында, яғни қазіргі Қазақтың Ата-бабаларының арасында дүниеге келгендігін айтқанмын. Сол мақаладағы тұжырымдарыма сын айтып, сенімсіздік білдірушілердің болуына байланысты төмендегі деректерді қосымша ұсынамын.

«Буддизм — дүние жүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI ғасырларда Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі болып  табылады (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

 Бурхан дінінің дүниеге келуін Шыңғысхан қағанатының тарихын баяндайтын «Алтан Тобыш» атты еңбекте былайша баяндалады:

«Дүниедегі пенде баласы мен жан-жануарға иелік еткізу үшін, Ори бұрханның әмірімен Маха Сәмәдидің қалай хан тағына отырғаны былайша баяндалады. ...Егін еккендері бірінікін бірі тартып жинап алатын болды. Бәрінің амалы құрыған кезде, ақылдасып өздерінің ішіндегі келбетті әрі тамаша мінезді бір кісіні би етіп көтерді. Бұл би жалған мен шындықты ақ пен қарадай айыратын өте әділ болғандықтан, үнді елінің әйгілі Маха Сәмәди патшасы деген даңққа бөленді. Сөйтіп, хандардың арғы тегі осылай шықты. ...Маха Сәмәди хан о дүниелік болған соң, мың жыл өткен кезде, оның алтын ұрпағы шығыстағы қарлы таулы өлкеде өркен жайғандығы жөнінде былай дейді: Үндінің Мегді Гүшелі ханының баласы Саруа деген ханзаданың бес ұлының кенжесі туа үсті-басын түк басқан, қол аяғы жалпақ қазтабан, ал кабағы жоғарыдан төмен ашылатын нысаналы жан екен. Оны бөтен текті құбыжық деп, мыс сандыққа салып, Ганга дариясына ағызып жібереді. Сол шақта Балбы мен Тибеттің аралығында күн кешетін бір қария әлгі сандықты судан шығарып ашып көрсе, ішінен өте көрікті ұл шығады. Ол он алты жасқа толғанда, мұз құрсанған Самбо тауын мекен етпек болып келгенде, алдынан тибет кісі кез келеді. Баладан жөн сұраса, ол сұқ саусағымен көкті меңзейді. Тибет кісі, бұл бір аспаннан келген адам екен, біздің елде хан жоқ еді деп, мойнына көтеріп, ел ішінен алып келеді. Сөйтіп, Тибеттің тұңғыш ханы Мойын тақты хан атаныпты. ...Оның жетінші ұрпағы Мұхит Сәуегей алтын тақты хан еді. Бұлардың даңқы мәртебелі жеті тақты хан деп елге жайылды. Осы ханнан кейін он тоғыз ұрпақ ауысқан соң, Лха Тотори Нисула сал деген патша билік құрған заманда бұрхан дінінің басы басталған еді. Ал, ол ханнан кейін бес ата өткенде, Сорынзан Ғамбы хан туған-ды. Бұл хан қытай еліндегі Жасыл дәрі мүсінге тәу етіп, Балбыдағы Ақ дәрі мүсінге, содан кейін Ағшуби бұрхандарға сыйынған соң, өз еліне мінәжатханалар орнатады. Томи Самбода деген оқымыстыны үнді еліне жіберіп, ондағы діни кітаптарды алғызады. Тибеттің Ананда бандида деген ханы оларды тәржімалап, елге таратады.

Ол ханнан  кейін тағы бес ата өткен соң, елдің ханы Әмірлісан Далай деген лама мен Бадма Самбауа бағшы және Гамалашила бастап келіп, Вирозона атты тілмаш-аудармашылардың кітаптарын түгел тәржімалап, құдайға табынуды одан әрман өрістетті.

Ал, ол ханнан соң үш ата өткеннен кейін Шалу тақты хан Үндіден Мида деген ламаны әкелтіп, бұрынғы тәржімаланған кітаптарды қайта түзетіп, әлі аударылмағандарын аудартып, бұрхан дінін тіпті гүлдендірді. Міне, осындай діндар хандардың арқасында бұрхан діні осы күндерге дейін үзілмей жеткен болатын.

Сөйтіп, Бұрхан бақи дүниеге озған соң, үш мың екі жүз елу жылдан астам уақыт өткеннен кейін, терістік моңғолдың жерінде Боғда Шыңғыс қағанның дүниеге келгені туралы хикая мынандай еді:

Тибеттің Мойын тақты ханынан тарайтын Мұхит Сәуегей алтын тақты ханның балалары үшеу еді. Олар: үлкені – Борашы, ортаншысы – Шибақұшы, кенжесі – Бөрте Шынуа. Үшеуі өзара жанжалдасып, ағаларынан бөлінген Бөрте Шынуа түстіктегі теңізден өтіп, бөтен өлкеге келген соң, Сұлу Марал деген қызға үйленіп, Бұлардан Моңғол тайпасы тарайды. Көк тәңірдің жебеуімен, теңізден өтіп келген Бөрте Шынуа Сұлі Марал екеуі Бұрхан қалдын деген тауды мекен етіпті. Екеуінің тұңғышы болып Батсаған туады» (Лувандан зан «Алтын шежіре» Алматы-2009. 12-13 беттер).

Бұл жағдай «Мұңалдың құпия шежіресінде» былайша беріледі.  «1. Шыңғыс қағанның тегі. Тәңірі бақытты етіп жаратқан Бөрте Бөрі зайыбы Марал сұлумен бірге талай теңіз-дарияны кешіп келіп, Онын өзені бас алған Бұрхан-қалдұн тауын тұрақ еткен кезде, Батшаған деген бір ұл туады» (26 бет). Сонда Бөрте Бөрі дегеніміз, Алшын-Көкбөрінің ұрпағы Бөрте деген мағына да қолданылған.  Бөрте өз аты, Бөрі тегі болып табылады. Ал, «талай теңіз-дарияны кешіп келіп» дегенінен, олардың ол жерге Каспий-Арал өңірінен қоныс аударып барғанын да бағамдауға болады.  Барлық тарихшылардың қаперлеріне берерім, егер кімде – кім  өзін шын тарихшымын деп есептер болса бұл жағдайға әділ бағасын беріп мойындауға тиіс. Түріктің  түп қазығы, яғни қарашаңырағының иесі Қазақ, Алшын – Көкбөрі екендігін Сүйінбай Аронұлы атамыз:

        «Бөрілі менің байрағым,

        Бөрілі – байрақ көтерсе,

        Қозады қай – қайдағым,-» деп жырлаған.

        Түсініктеме: - Будда да, Бұрхан да бәрі бір діннің атауы. Бастауын Адай атаның алтыншы немересі Бұзау атамыздың есімінен алады. Олардың сиырды Құдай деп табынатындарының да, Будда, Бурхан (Бұт-бұрхан деп те аталады) және Бұзаудың түбірлес болатындарының да сыры осы. Сонымен қатар, Құдай - Қу Адай, Бұрхан – Бөрі хан, Будда - Бұзау Ата деген ұғымдарды қамтиды.

- Маха Сәмәдиді – Маға (Ман аға),  Сәм (Сам) Нұқ пайғамбардың үш баласының бірі, Мәд

(МАД (Ман Адай)), Әд (Ад),  ал «И» дыбысы ұлы, баласы, ұрпағы деген мағына береді.  Бүгінгі қазақтардың өз балаларына Самат деп есім қоятындары осыдан. Адайда Сам деп аталатын ру да, адам аты да бар. Мысалы, Адайдың Шоғыдан тарайтын бір тармағы Сам деп аталса, Шоңайдың Даң атты ауылынан Сам есімді би шыққан.  Маңғыстаудағы (Бейнеу ауданы) Сам құмы, Сириядағы Шам (Сам) шахары, май шам,  самаладай жарқырау, самұрық (құс) т.т. осы аталарымыздан қалды. Бұл баяғы Нұқ пайғамбардың үш баласының (Хам, Сам, Иафес) ортаншысының аты. Ағылшындардың «Дядя Сәм» дейтіндері осы атамыздың аты.

-  Мұхит Сәуегей – Нұх пайғамбардың лақап аты. Мұхит пен Нұхтың түбірлес болатыны осы.

Ал, Сәуегей (алдын болжаушы) Нұх пайғамбарға топан судың болатынын күні бұрын болжағаны үшін халықтың берген атағы. Нұқ пайғамбардың руы Қосай. Ежелгі жазбалар да пұтқа табынушылық Гималай тауының бір шатқалында Қосайлардың арасында дүниеге келді деген деректердің де кездесуі осыдан болса керек. 

- Бәрі мүсінге табынады. Ежелгі қазақтар да солай жасаған. Бүкіл қазақ даласындағы қаптап

салынған балбал тастардың сыры осы. Ең алғашқы мүсінге табыну Маңғыстауда дүниеге келген. Маңғыстаудағы Ман атаға жақын аймақтан «жеті қат» жер астынан табылған Бәйіті кешені (қорым) осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Ол жерден биіктіктері екі метр мен төрт метрдің аралығында 180-дей тас мүсіндер табылған. Ғалымдар бұны жер бетінен табылған мүсіндердің ішіндегі ең ескісі осы деп отыр. Бұл қағида күні бүгінде де жалғасын тауып келеді. Бүткіл жер шарындағы қала мен елді мекендерде тас мүсіндер қойылмаған бірде-бір елді мекен жоқтың қасы. Айырмасы қазір оларға ешкім табынбайды. Тек қана ескерткіш (жәдігер) ретінде қабылданады.

«148. Мұсаның елі – ол кеткеннен кейін әшекей заттарынан ыңыранған үн шығаратын бұзаудың мүсінін жасап алды. Олар оның (мүсіннің) өздеріне сөйлемейтінін әрі тура жол көрсетпейтінін көрмеді ме? Олар оны (құдай) тұтып әділетсіздерден болды» (Құран Кәрім. Әл-Аъраф сүресі). Тәпсір: Бұзауды табынатын зат етіп алып, аса ұлы Аллаһқа серік қосты. А.Саъади).

- Бірінде Бөрте Шынуа, екіншісінде Бөрте Бөрі, тағы бір деректе Бөрте Шайна делінеді. Үшеуі

де дұрыс. Шынуа - Алшынның балама атауы. Себебі, екеуінің де сөз түбірі «Шын». «Уа» мен «Алға» келсек, екеуі де бастау деген мағына береді. Мысалы, Уа, Жамағат! Уа, Халайық! Уа, Батыр! т.т. Ал – алғы, алдыңғы, алғашқы. Бөрі - Алшынның лақап аты.  «Шайнаға» келсек, бұл ауызға салып тіспен ұсату деген сөз. Бұл бөрінің (қасқырдың) тергеп аталуы.

Демек, біз бұдан әлем билеушісі Шыңғыс қаған Алшын – Көкбөрінің тікелей ұрпағы екенін айқын көреміз.

«Бұрхан – тау аты. Кейде Бұрхан-қалдұн деп те аталып жүреді. Бұрхан сөзінің мәнісі қасиет иесі, кие иесі дегенге келеді. Бұрхан, ежелгі тәңірлік діннен күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан сөз. Қазақта «бұт-бұрхан» деген қос сөз бар. «Бұт» дегені, бұдда дініндегілердің табынатын қуыршақ мүсіні. Оған жоғарыдағы «бұрхан» сөзі қосылып қолданылуына қарағанда, ол халықтың көкейіне берік сақталатындай, ұзақ уақыт бойы қолданылған діни тіркес болса керек. Бірақ, кейінгі кезде мұсылман дінінің ықпалымен өзінің бұрынғы қадір-қасиетін әлсіреткен. Біздің межемізше, бұл аталым: «бөрі» және «хан» деген екі сөзден құралып, үндестік заңына қарай кірігу нәтижесінде қалыптасқан сияқты» (Т.Ә.Тыныбайын «Шыныңа көш тарих! Шыңғысхан кім?» Алматы-2008. 21 бет). Тұжырымы дұрыс. Енді осының қасына Бұзау мен Бұрханның бірінші буынының бірдей екендігін қосыңыз. Бұл тұжырым тарихи деректермен де толықтай сәйкес келеді. 

Қаз Адайдың шежіре дерегі бойынша, Бұзау Адайдың екі баласының кішісі Келімбердінің төртінші баласы, Адайдың алтыншы немересі және сонымен қатар Адай ата ұрпақтарының жетінші буыны. Бүкіл әлем елдеріндегі Будда дінін ұстанушылардың, әсіресе Үнділіктердің Бұзауды (Сиырды) аса қастерлейтіндерінің сыры осы. Бұл жерде олар сиырдың (бұзаудың) өзіне табынып отырған жоқ. Олардың қастерлеп отырғандары жабайы Қодасты қолға үйретіп, сиырға айналдырған аталары болып табылады. Қазақтың «иесін сыйласаң атына жем сал» дейтін мақалының сыры осы. Ал, бірақ шынына келгенде, осы жер бетіндегі, тіпті бүкіл ғарыштағы атаулардың бәрі сол ұғымдарды дүниеге әкелген ұлы аталарымыздың аты. Барлық атаулардың сөз түбірінде, яғни өз түбінде сол ұғымдарды дүниеге әкелген  аталарымыздың (рудың) аттары сақталып отырады. Оны біз қазір «авторлық құқық» деп атап жүрміз.

Бұзау дегендегі «Б» дыбысы Алып бидің бірінші дыбысы (таңбасы) Ата дегендегі «А», екінші Әке дегендегі «Ә», үшінші бала дегендегі «Б» таңбасын құрайды. Бұзау - Адай ата ұрпақтарының жетінші буыны. Міне қасиетті жеті санының шығу тегі. Атам қазақтың туыстығы бөлінбейтін жеті аталық жүйесінің бастауы осы. Бөліну, Бұзаудың екі баласының кішісі Жеменей – Семиттерден басталады. Жеті мен Жеменейдің, сегіз бен Семиттің түбірлес болатыны да осыдан.

 «Әлемде Қытайдан кейінгі халқының көпшілігі жағынан екінші орын алатын Индияда халық саны 1 миллиард 200 миллионнан асады екен. Сонын ішінде 20% мұсылмандар. Үндістердің негізгі діні – буддизм. Жиырма мыңнан асатын құдайымыз бар деп гид айтқанында «Астағфируллаһ» деп басымызды шайқадық. Бір Аллаға табынушы мұсылман болғанымызға шүкіршілік еттік.

Үндістер момын халық. Әртүрлі мақлұқаттардың барлығын құдайға санап, соларға табынады. Піл, маймыл, жылан, сиыр көріністегі құдай мүсіндерін көргенімізде шошып кеттік. Сол себепті үндістердің кез-келген хайуанаттарды өлтіруіне болмайды екен» (Нұрқожа қажы Сыздықов, Шымкент қаласы. «Естен кетпес Үндістан»).

«Алынша хан көп жылдар патшалық қылды. Нұх пайғамбар заманынан Алынша ханға шейін барша Иафес әулеті мұсылман еді. Алынша хан заманында жұрт байып, дәулеті тасыды. «Ит семірсе иесін қабар» деген өзбек мақалы бар еді. Әр кісі өзінің ең қимас адамы не ұлы, не қызы, болмаса аға-інісі өлсе, соған ұқсатып, қуыршақ жасатып қоятын болды. «Бұл пәленшенің суреті» деп оны сүйер еді, ас келгенде оның алдына ас қойып, оның жүзін өбіп, көзін сүртер еді, оған бас ұрар еді. Бұндай әдет қайталана-қайталана пұтқа табынуға әкелді.

...Алынша хан болғаннан кейін мал мен басы көбейіп, халық байлыққа мас болып, тәңіріні ұмытты, діннен ажырады. Қарахан заманында мүлдем кәпір болды. Егер атасының мұсылман болғанын естісе, оны ұлы, егер ұлының мұсылман болғанын естісе, атасы өлтірер еді.

Алланың бұйрығымен Қарахан Оғыз атты ұлды болып, ол бір жасында өз атын өзі қойып, есейгенде мұсылман болды.  Қара хан мен Оғыз әскерлерін сапқа тұрғызып, өзара соғысты. Құдайтағала қолдап, Оғыз жеңіске жетіп, Қара хан қашты. Кімнің атқаны белгісіз. Қара ханның басына оқ тиіп, хан сол жарадан өлді. Оғыз хан ата тағына отырды.

Оғыз хан өзіне қараған елдің баршасының мұсылман болуын талап етті. Мұсылман болғандарын құрметтеп, болмағандарының өзін өлтіріп, бала-шағасын құл қылды.

Ол кезде Қара ханға тәуелді елдерден басқа да жұрттар көп еді. Әрбір үлкен жұрттардың өз патшасы болар еді, кішірек елдер соған бағынып тұрар еді. Қара ханның қол астындағы мұсылман болған елдер Оғызға келіп қосылды да, мұсылман еместері өзге жұртқа қарап кетті.

Оғыз хан Тұран, Үндістан, Иран, Шам, Мысыр елдеріне жорық жасап, бәрін мұсылман етті» (Әбілғазы «Түрік шежіресі» Алматы-1992. 13-17 беттер).

Тағы  бір   деректе:  «Тұрпанның   безекілік    сағасындағы    будда    дінінің   үңгір   (мың үй) ғибадатханасының  қабырғасына және төбесіне сызылған өрнектерде қазіргі қазақ сырмақтарына салынатын мүйіз оюлардың үлгісі кездеседі. Бұл ою-өрнектердің тым ертеден келе жатқандығынан дерек береді»  («Қазақтың көне тарихы». Алматы 1993 ж. 364 бет).

Демек, Оғыз қаған Муса пайғамбардың жолын ұстанып, жоғары да көрсетілген елдерді тек қана бір Құдайға (Тәңірге, Хаққа) иман келтіруін іске асырды. Оғыздар сол үшінде тоғыз деген сан атауына ие болып, кейіннен Тобыш деген жиынтық атаумен аталды.

Түсініктеме: Көрші орыстардың өз тектерін «ов (об), (Иванов, Сидоров, Петров)», ал Құдайларын «Бог (сөз түбірі «ог (оқ)» деп жүргендерінің сыры осы. Бірақ, олар мұны білмейді. Білсе, мектеп оқулықтарына Адамзаттың атасы маймыл (адам маймылдан жаралған) деп жазбаған болар еді.  

«Ортағасырлық, әсіресе Түрік қағанаты кезіндегі (VІ-VІІІ ғғ.) көшпенділердің музыкалық мәдениеті туралы құнды құжаттар Нара (Жапония) қаласында Сесоид императорының қазынасында сақталған. Тарихи экспонаттардың ішінде ерекше назар аудартатыны Дунухуадада табылған түріктің ноталық хаты (партитура, табулатура). Бұл Будданың жиырма бесінші сутрасының нотасы, оның әуені қазақтың халық әні “Гәккуге” сәйкес келеді. Ол кезде жапондықтар Шығыс Түркістанның музыкалық аспаптар оркестрін гагаку деп, осы аспаптарда ойнау әдісін билли деп атаған. Бұл сөздер қазақтың гәкку – әуен, музыка, би сөздеріне ұқсас. Ыбырай Сандыбайұлының творчествосы жайлы жазылған кітап “Гәкку” деп аталған. (Өнербек Ахмет).

Түсініктеме: Биллиді – Билер елі (Қас билер, Қазақтар), Жапондарды – Қазақтың Алтын-Жаппасынан тараған ел (ежелгі шығыс жазбалары оларды Жабарқы деп те аталған),  Дунухуададаны, Эллада, Илиада, Илиададай деген сияқты соншама күрделендірмей-ақ, Адай елі деп өз атымен атағанымыз жөн болады.

«Гаутама Сиддхартха Будда Шакья - Муни (данышпан), шакья ұлысынан шыққан календер), (б. з. д. 556–476) – Ганга дариясының орта ағымындағы отырықшы Шакья   патшасының ұлы. Индия мен Непалдың шекарасына жақын Гималай тауының етегінде туылған.

Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өзені бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне қиянат жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады.

Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет: 1) өмір — азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса — азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету.

Гаутама осы ілімнің негізінде дүниелік діндердің бірі Бұрхан дінін ойлап шығарған. Буддизм қазіргі таңда Үнді, Шри-Ланка, Жапон, Қытай, Непал, Бирма, Тибет және басқа өлкелерде кең тараған дін болып есептеледі» («Будда діні». Энциклопедия).        

Будданы - Бұзау, Шакьяны – Сақ (Сақия), Муниді - Мұңал, Гималайды – Қидан (Қиян, Қыпшақ),   Ганганы – Қаңға, Гаутаманы – Қау Тама (Тама қауымы) деп түсінсек дұрысы осы. Маң, Мың, Мен, Мүн, Мұң (Мұңал)  бәрі Ман атамыздың балама есімдері болып табылады. Осы тұжырымның дәлелі, Будда дінінің дүниеге келген жерінің Бихар деп аталуы. Би сірә, өзіміздің Би деген сөзіміз. Ал, Харды – Қар десек дұрысы осы. Себебі, Қар мен Ақ синоним. Ал, Ақ - Сақтың сөз түбірі. Сөз түбірі жаңылыспайды. Сөз реті келгесін тағы бір дерек бере кетейін, бұл діннің дүниеге келген елі Үнді деп аталады. Бұл атауды да оларға қойған біздің аталарымыз. Үн біздің қазақтың сөзінде ауыздан шығатын дыбыс, дауыс, сөз. Үнде ауыздан  өз-өзінен шықпайды, оны шығаратын ар жағында тіл тұр. Қазақ қағанаттарының бас  таңбаларының «тіл» болатыны да, Манқыстаулық Адайлардың «Тіл таңбалы Адайлар» делінетінінің де сыры осы. Енді осының үстіне олардың өз салттарын Ната (Нұқ Ата) салты деп атайтындарын және Күннің түбірі Үн екенін қосыңыз. 

Біз Гаутама атауынан бүгінгі қазақтың қарашаңырағы (кенжесі) Бекарыстан (Кіші жүз) тарайтын Жетірудың құрамындағы Тама атамыздың есімін (руының атауын) көреміз. Бұл баяғы Зороастризм (Заратуштра деген атаумен де белгілі) дінін дүниеге әкелуші «Арийлердің (Арыстардың) Спитама руының» атауы. Гаутама мен Спитаманың бір түбірден болатындары осыдан. Екеуінің де шыққан тегі Маңғыстау. Бұл рудан әйгілі Қарабура Әз әулие мен Шора батыр шыққан.

Заратуштраның негізгі атауы – Жаратушы. Екеуінің де «аратуш» деген бір түбірден (бір түптен) болатынының сыры осы.

Таманың синонимі Тана. Себебі, «а+м» мен «ан», екеуінің де мағынасы бірдей, әйел адам дегенді білдіреді. Айырмасы "а+м" тек қана топан суға дейінгілерді білдірсе, «ан» топан судан кейінгілерді де қоса қамтиды. Демек, Тама руы Ад қауымы заманында, ал Тана (он екі ата Байұлының бір баласы) руы Ман ата қауымы кезіндегі жалғасы болып табылады. Біз мұны дыбыстардың сандық жүйесінен де айқын көре аламыз. Себебі, Тама 23-1-15-1 құраса, Тана 23-1-16-1 құрайды.  Ал, Тана мен Бұзау синоним сөздер болып табылады. Бұзаудың сандық жүйесі 3-25-9-1-24 реттік сандарын құрап Тама мен Тана ұғымдарының бәрін ішіне алып тұр. Жарайсыңдар, Аталарым! Сөз жасасаң осылай жаса, тарих жазсаң осылай жаз. Осыдан кейін сендерді қалайша Қас би (Каспий) деп атамассың.

13 сәуір 2015 жылы «Нұр Кз» газетінде тілші Рүстем Омаровтың «Будда сақ тайпасынан шыққан ба?»,   22 cәуір 2015 жылы «Қазақия»  газетінде Қ. Жүсіптің – Будда қазақ па ?! – атты зерттеу мақаласында белгілі археолог Арман Умарходжиев – Непалға экспедиция ұйымдастырып – Будданың арғы тегі – сақ – екендігін ғылыми дәлелдеп, оның бүгінгі ұрпақтары шакьилерге генетикалық тестілеу жүргізгені айтылған. Шакьилердің (сакьи) тілі мен әдет-ғұрпы және ою-өрнектері ежелгі сақтармен ұқсастығы және оның жинақтаған мәліметтері бойынша сақ Алтын адамы мен Будданың бір адам болып шығу мүмкіндігін көрсеткен.

Будданың тікелей ұрпағы болып табылатын шакья тайпасы генетикалық зерттеуге қатысуға келіскен. Зертеу нәтижелері шакьяның қазақтарға туыс болып келетіндігін растаған. Мұнымен қоса, “Сақ тайпасының данасы” атты деректі фильм түсірушілері бұл болжамды дәлелдей түсетін көптеген фактілерді көрсеткен.

Олар Непалда сақ мәдениетіне тән көптеген артефактілер тапқан. Мәселен, буддистік діни ваджра құралы Тенгри тәңірін білдіретін аджи  белгісіне ұқсас болып шықты. Сонымен қатар, Непал буддистері мен сақтардың садақ оқтарының ұштары бірдей екен. Непалдықтарда біздің мәсіге ұқсас аяқ-киімдері бар. Және ең бастысы, көптеген непалдық сөздер қазақ тіліне жақын келеді. Атап айтсақ, “жан” және “апта” сөздері непалдықтарда дәл біздікіндей мағына береді.

Профессор Виктор Зайберт Арман Умарходжиевтың жаңалығын қуана қабылдады. Бұрындары Будданың сақ тайпасынан екендігі жай болжамдардың бірі болса, енді мұны дәлелді факт деп есептеуге болады. 

Тілші Рүстем Омаров бұл тұжырымның жайдан-жай жасалмағандығын жазған.

“Біздің заманымызға дейін II ғасырда сақтар тауды асып, Солтүстік Үндістанды жаулаған. Буддаға келсек, оның кезінде ханзада болғаны белгілі. Сидхартха Гаутама (Будданың үнділік есімі) өмір сүрген жылдары Солтүстік Үндістан мен Непалды сақтар билеген. Ал ел басқару құрметінің тек сақ тумасына берілуі – Будданың сақ болуын дәлелдей түседі.  Оның Шакьямуни деген атын сөбе-сөз аударсақ, “Сақтардан шыққан дана” деген мағына береді”, – деп жазды Омаров мақаласында. («Шын-ақпарат» Дереккөз: NUR.KZ  http://www.shyn.kz/article/view?id=1198).     

Өте дұрыс тұжырым. Атам Қазақтың рулық шежіре дерегінде Сақтар - Адай атаның бесінші буын ұрпағы Қаз Адайдың Ақпанынан (араптар оларды Аққадтар деп атайды) тарайды. Маңғыстаулық Қаз Адайлардың таңбаларының Садақ пен жебе болатындарының сыры осы. 

Жоғырада келтірген Қаз Адайдың рулық шежіресіндегі деректердің тасқа басылған «айдай» айғағы Іле өзенінің оң жағасында, Қапшағай су қоймасынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жердегі «Таңбалы-тас» шатқалы болып табылады. Ондағы Таңбалы тастың бірінде Бұзау Сақ Мұңалдың (Будда Шакья Мунидің) бейнесінің бірі негізгі кешеннен бөлек өзен жағасынан 50 метр арыда орналасқан.

Үлкен тастардың арасымен жүріп өткен адамның алдынан жылан оралған Бұт-Бұрхан бейнесі салынған жеке тасқа кез болады. Мұнда мифтік образдағы мүйізді жыландар бейнесі тасқа қашалған. Мұндай жыландардың біріне «өлім сыйлаушы» деген атақ берілген. Оңтүстік-Шығыс Азия дәстүрінде кездесетін мұндай қорқынышты бейнелер зұлым күштерді қуып, залым адамдарды кіргізбейді. Жылан оралған Бұрхан бейнесінен өткен соң ғана кешеннің орталығына көтерілуге болады.

Мұндағы Будда мүсініне оралған жылан бейнесі де Қаз Адайдың рулық шежіресінен толықтай хабар беріп тұр. Себебі, қыл, ғыл, ғылым, жыл, жылнама, жылқы, жылқышы, қылыш, пышақ, жылу, жылан, қылау, сылау т.т. дегеніміздегі түбір сөз «ЫЛ», бұл Қаз Адайдың жетінші буын ұрпағы Бұзаудың екі баласының үлкені Айтумыстан тарайтын Шылым атамыздың дерегін беріп тұр. Қазақтың қайқы қылышының да, сол сияқты пышақтың да авторы осы Шылымдар. Бүткіл жер бетіндегі Шылым (Чулум) атты өзендер, бүкіл әлем елдеріндегі «қазақтың қайқы қылыш» таңбасы бейнеленген қойтастар мен құлпытастардың бәрі солардан қалды. Маңғыстаудағы ежелгі қорымдардың басым көпшілігінде осы «қайқы қылыш» Адайдың «тіл» және «жебе» таңбаларымен қатар бейнеленген. Еске ұстайық! Сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) ешқашан жаңылысқан емес, жаңылыспайды да.

Түсініктеме: Түбір сөздегі «Ыл», Адай атаның алтыншы немересі Бұзаудың екі баласының үлкені Айтумыстан тарайтын Шылым атамыздың «азан шақырылып» қойылған есімі, яғни осы ұғымдардың бәрінің атасы, бүгінгіше айтқанда «авторы» деген сөз.

Мұса пайғамбар жайлы ежелгі деректердің бәрінен Мұса ұрпақтарының  Бұзауды пір тұтқанын көреміз. Бұзау шежіре дерегі бойынша Адайдың екі баласының кішісі Келімбердінің төртінші баласы, Адайдың алтыншы немересі, яғни Қосайдың інісі. Және оның үстіне Бұзау Адайдың ең жақын туыстықты білдіретін, бөлінбейтін жетінші буын ұрпағы болып табылады. Әйтпесе, Ер Дәуітті бүкіл қазақ халқы Темірші-ұсталардың ұстазы деп пір тұтып, Бұзауды аса қастерлемеген болар еді. Олар ең алғаш емхана ашып, адам емдеп, ағаштан кеме жасап, қатты ағашқа емен, қолдан жасалған қатты затқа темір деп өз есімін беріп, темірден жасалған қаруға «семсер» деп өз есімдерін бергендер де солар болатын. Шындықтан ешкім ешқайда қашып құтылып, олардың «авторлық» құқығын ешкім тартып ала алмайды.  Сол үшінде қолдан жасалған ең қатты затқа «цемент», қатты тасқа «кремний» деп ат қойылды. Өздеріңіз көріп отырғандай бұл ұғымдардың барлығының авторы Бұзау атамыздың екі баласының кішісі Жеменейлер, яғни  барлығының бір ғана «ем» деген түбірден болатыны осы.

Осы жерде алғаш темір қорытып, одан семсер, селебе жасағандар Жеменейлер болса, Қазақтың қайқы қылышы мен пышағының атауы қайдан шықты деген  сұрақтың туындары сөзсіз. Қылыш пен пышақты да ойлап тапқандар осылар. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қылыштың сөз түбірінің «ыл» болуы, Жеменейдің ағасы Айтумыстың іште қалған жалғыз баласы Шылым атамыздың атының «ыл» түбірімен сәйкес келуі, және сонымен қатар, пышақтың сөз түбірі «ыш» болатыны да осыдан. Тура қылыштың ұш жағын сындырып алып, үй шаруасына пайдаланып, оны пышақ деп атаған.

Енді осының үстіне Бұмын қағанның ұлы Мақан қағанның будда дінін қабылдағаны, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бұл жұмыс Таспар қаған кезінде де жалғасқан. Түркі (қазақ М.Қ.) кағандары өздерінің тікелей аталары Бұзаудың: "Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе" деген өсиеттерін басшылыққа алған болып тұр. Будда храмдары (ғибадатханалары) Жетісу жерінде Ақбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда (Испиджаб) табылды.

Келтірілген деректер жай ғана сөз ұқсастықтары болуы мүмкін, деп күмәнданбауларыңыз үшін мына жағдайды қаперлеріңізге бере кетейін: Жақында әлемдік БАҚ-тар әлем елдері тіл ғылымы осыдан 6000 жылдан әріде бүкіл әлем елдерінің бір тілде сөйлеген деген қорытындыға келгенін жариялады. Әрине, ол тіл Қазақтың АНА тілі болып табылады.

Тарих тағлымы: Жоғарыда келтірілген деректерден шығатын қорытынды, «Түгел сөздің түбі бір, түп Атасы Майқы би» деп қазақ мақалында айтылғандай, бүкіл әлем елдері тілдерінің де, діндерінің тегі бір, бәрі де Ұлы Дала елінен (Қазақтан) бастау алады.

Түсініктеме: Аталарымыз «Майқы би» деп Маяларды, яғни ежелгі шумерлерді айтқан. Мая бидің моласы Маңғыстауда, күні бүгінде де «Мая» қорымы деп аталады. Қорым Ақ Кетік (қазіргі атауы Форт Шевченко)  - Таушық жолының 37 км-де орналасқан. Маңғыстау – «360 әулиелі киелі Маңғыстау» деп бекер аталмаған.

 ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ – АЛЛА ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БӘРІҢІЗГЕ ИМАН БЕРГЕЙ!

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Ұлт порталы