01 жел, 2025 сағат 15:01

Түркістан облысында өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Алғабас ауылында болған тұрғын үй өртінен зардап шеккен 7 жасар қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Жетісайдан тікұшақпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген жеткіншек дәрігерлердің жедел шаралар қолданғанына қарамастан көз жұмды. Марқұмның мәйіті жедел жәрдем көлігімен ауылына жеткізіліп, бүгін жер қойнына тапсырылды.

Айта кетейік, бұл өрттен қаза тапқан оныншы бала.